Жаңалықтар

ЖАҢА ДӘУІР ЖАҢА КӨЗҚАРАС АҚСАҚАЛДАР ПАРЫЗЫ

ЖАҢА ДӘУІР  ЖАҢА КӨЗҚАРАС  АҚСАҚАЛДАР ПАРЫЗЫ

«Жаңа дәуір. Жаңа көзқарас. Ақсақалдар парызы.» Осындай атаумен Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Ұлытау облыстық Ақсақалдар кеңесінің алқалы жиыны өтті.

Ақсақалдар кеңесінің жиыны облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаевтың алғысөзімен ашылды. Ол – аймақ ақсақалдардының қоғамдық даму бағытында атқарып отырған жүйелі жұмыстарына айрықша тоқталып, бірқатар еңбек ардагеріне Қазақстан Халқы Ассамблеясының Алғыс хаттары мен «Құрметті ардагер» төсбелгілерін табыс етті...

Ұлытау облыстық Ақсақалдар кеңесі 2022 жылдың екінші жартыжылдығында құрылған. Содан бері кеңес – бірқатар жемісті жобалар мен танымды іс шараларға ұйытқы болған. Аталған жұмыстардың дені «Адал азамат» қағидатына негізделіп, ұлттық құндылықтар мен салт дәстүрді дәріптеуге бағытталған.

Жиын барысында көргені мен түйгені көп көнекөз қариялар – өңір дамуы мен жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатындағы ой пікірлерін ортаға салды. Ұтымды ұсыныстар зерделеніп, салаға жауапта басқармаларға жолданатын болады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты