ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАҒИДАТТАР

Бүгін - «Байтақ» жасылдар партиясының Ұлытау облыстық филиалы «Жаңа Конституция: экологиялық қағидаттар» тақырыбында Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді.
Кеңес отырысын облыстық мәслихат депутаты, Саяси Кеңес мүшесі Базаркүл Үмбетова ашып, жүргізіп отырды. Жасылдар партиясы – Конституциялық реформада жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру бағытындағы баптарға айрықша тоқталды. Экологиялық жауапкершіліктің Ата Заңның жаңа жобасында нақты көрініс табуы - жас ұрпақ алдындағы негізгі міндет екендіктерін де жеткізді.
-(Конституцияда жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру мен табиғатқа жанашырлықпен қарау түбегейлі принциптер қатарына енгізіліп отыр. Бұл табиғатқа, туған елге деген жанашырлықты күшейтуге, әрбір азаматтың бойында тазалық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.Табиғатқа жауапкершілікпен қарау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру жалпыұлттық құндылық деңгейіне көтерілуі маңызды деп есептеймін).
Кездесуде өңірлік филиал өкілдері мен табиғат жанашырлары жаңа конституция ұзақ мерзімді әлеуметтік - экономикалық және экологиялық дамуға қажетті жағдайлар жасауға бағытталғандығын атап айтты. Партия белсенділері алда болатын республикалық референдумда әр азамат өз таңдауын жасау керек деген пікірде.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


