Жаңалықтар

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ   ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Шілде айынан бастап - Қазақстан жаңа конституциялық кезеңге қадам басады. Биылғы жылдың 15 ші наурызында өткен жалпыхалықтық референдумда халық жаңа Конституцияны қабылдады. Бұл - елдің саяси және құқықтық жүйесіндегі маңызды өзгерістердің бірі.

Референдумға дауыс беру құқығы бар азаматтардың 73,12 пайызы қатысты. Ал олардың 87,15 пайызы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді. Құжат 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Жаңа Конституция мемлекеттік басқару жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізеді. Парламенттің құрылымы жаңарып, жаңа басқару институттары пайда болады. Сонымен қатар азаматтар мен билік арасындағы ашық байланысты күшейту үшін жаңа қоғамдық диалог алаңы құрылады. Құжатта адам құқықтарына айрықша басымдық берілген.

Экономика саласында да жаңа мүмкіндіктер қарастырылған. Кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы күшейіп, тұрақты инвестициялық орта қалыптастыруға бағытталған өзгерістер енгізіледі. Сондай-ақ жаңа Конституция қабылданған күн - 15 наурыз Қазақстанда Конституция күні ретінде аталып өтеді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты