ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ КҮШІНЕ ЕНДІ

Бүгін - Тәуелсіз Қазақстан үшін Жаңа Конституция заңды күшіне енген тарихи күн! 15 наурызда өткен жалпыұлттық референдум арқылы қабылданған Ата Заңның жаңалығы көп. Жаңа Конституция аясында - Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік пен Өрлеу, Тазалық пен Табиғатты аялау сынды жасампаз құндылықтар қоғамда берік орнамақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға жасаған Үндеуінде: «Бүгін Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз.», - деді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


