Жаңалықтар

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

Облыс әкімі Дастан Рыспеков қоғам белсенділеріне Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын салтанатты түрде табыстады.

Жиын барысында жаңа Конституцияның елдің құқықтық жүйесін жетілдіруге, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және заң үстемдігін нығайтуға бағытталған маңызды құжат екені айтылды. Сондай-ақ Ата Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жаңа тетіктерін қалыптастыруға негіз болатыны атап өтілді.

Өз кезегінде қатысушылар Ата Заңның қоғамдағы тұрақтылықты сақтап, заң үстемдігі мен азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ететін басты құжат екенін атап өтті.

Ата Заңға құрмет - мемлекетке құрмет. Салтанатты рәсімнің өзегі де осы ұғыммен сабақтасып, ортақ құндылықтарды ұлықтаудың тағылымды үлгісіне айналды. Айта кетейік, жаңа Конституция 1 ші шілдеден бастап заңды күшіне енді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты