Жаңалықтар

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жолы олар “Жезқазған таратушы электр торабы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары түсіндірілді. Спикерлердің айтуынша, Ата заңды заман талабына сай жаңарту мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Жиында адамның құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы келісім мәселелері де қаралып,жаңа Конституция жобасында адам капиталы негізгі басымдық ретінде айқын көрсетілгені айтылды.

Шара барысында еңбеккерлер өз сұрақтарын қойып, ой-пікірлерін ортаға салды. Қатысушылардың айтуынша, жаңа бастамалар мемлекет пен қоғам арасындағы жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты