Жаңалықтар

ЖАҢА МЕШІТ – ЖАМАҒАТ ИГІЛІГІНЕ

ЖАҢА МЕШІТ – ЖАМАҒАТ ИГІЛІГІНЕ

Жаңа мешіт – жамағат игілігіне! Жезқазған қаласына қарасты Теректі ауылында құлшылық үйі бой көтерді.

Игі шараға облыстың бас имамы Бейбіт Жансарин арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты оқиғамен құттықтады.

Теректіде сыйымдылығы мол жаңа Мешіттің қажеттілігі біраздан айтылып та, жазылып та жүр еді. Аталған сауапты да жауапты іске үлес қосқан атымтай азаматтар мен белсенді жастарға жиналған жұртшылық алғыстарын айтты.

Теректі – жол бойында орналасқан елді-мекен. Теректі Әулие Мешіті жолаушылап шыққан жандар үшін де құлшылық жасауға қолайлы мекен болмақ...

Ауыл тұрғындары жаңа Мешітте алғашқы дұғаларын жасап, елдің амандығы мен берекесі үшін тілек тіледі.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты