Жаңалықтар

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ – ЖАҢА МЕКТЕПТЕ БАСТАЛДЫ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ – ЖАҢА МЕКТЕПТЕ БАСТАЛДЫ

Жаңа оқу жылы – жаңа мектепте басталды! Білім күні - Жаңаарқа ауданына қарасты Манадыр ауылында 80 орындық мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті...

Манадыр ауылында мектеп тапшылығы көп жылдан бері күн тәртібіндегі мәселе еді.. Жаңа білім ошағы «Заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару туралы» заң аясында мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен салынды. Мектептің ашылу салтанатына Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен, облыс Прокуроры Жасұлан Еламанов, облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов қатысып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.

- (Қадірлі ұстаздар, қадірменді ата-аналар, оқушылар!Барлығыңызды бүгінгі Білім күнімен және де Манадыр ауылының жаңа мектебінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін Манадыр үшін ерекше қуанышты күн. Жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастау – ол болашағымызға жасалған бір игі бастама деп білеміз. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Активтерді қайтару комитетінің бастамасымен үлкен, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Елімізге көптеген активтер мен қаржылар қайтарылып жатыр, оның ішінде шетелден қайтарылған қаржылардың есебінен Мемлекеттік арнаулы қор құрылып, Қазақстан Республикасы бойынша маңызды әлеуметтік және де инфрақұрылымдық нысандар бой көтеріп жатыр. Соның үлесі – осы біздің облысымыз, Ұлытау облысының облысына 20 миллиардтан астам осы қордан арнайы ақша бөлініп, 17-ден астам объектілер, нысандар қазір бой көтеріп жатыр. Соның биыл 12-сі аяқталып, оның 12-сінің осы бір нысаны Манадыр) Заманауи талапқа сай салынған мектепте оқушылардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына қажетті барлық жағдай қарастырылған. Білім ошағында 18 оқу кабинеті, робототехника кабинеті, спорт залы, сондай-ақ баскетбол және футбол алаңдары бар.

-(Кезінде мемлекеттен заңсыз шығарылған қаржы енді балалардың білім алуына, олардың болашағына қызмет ететін мектеп болып елге қайтып отыр. Бұл — заңның үстемдігі мен әлеуметтік әділеттілік қағидаттарының іс жүзіндегі нақты, айқын көрінісі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қайтарылған активтер есебінен еліміздің өңірлерінде халық үшін маңызды әлеуметтік нысандар салынуда. Осы мектеп — сол жұмыстың нақты нәтижелерінің бірі. Ең бастысы, бұл ғимарат балалардың білімге деген құштарлығын арттырып, ұстаздардың сапалы еңбек етуіне, ал ата-аналардың балаларының болашағына сеніммен қарауына мүмкіндік беруі тиіс.) Бүгінде Ұлытау облысында 86 мектеп жұмыс істейді. Білім беру ұйымдарында 41 671 оқушы білім алуда. Қазіргі уақытта өңірдің барлық білім ошағы тиісті дайындықпен жаңа оқу жылының жұмысын бастады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты