Жаңалықтар

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА НЫҚ ҚАДАММЕН

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА НЫҚ ҚАДАММЕН

Жаңа оқу жылы қарсаңында Жезқазғанда балаларға мектеп құралдары табысталды. «Әділет» партиясы қалалық мәслихат депутаттарымен бірлесіп, «Nur bala» балаларды дамыту орталығының тәрбиеленушілеріне «Сәттілік сөмкелерін» сыйға тартты. Қайырымдылық шарасы «Мектепке нық қадаммен» республикалық бастамасы аясында ұйымдастырылды.

Облыста бастама аясында үш мыңға жуық бала мектеп сөмкесімен қамтылған. Қолдау өмірлік қиын жағдайға тап болған, ерекше білім беру қажеттіліктері бар, сондай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына көрсетілуде.

«Nur bala» орталығы үш жылдан астам уақыттан бері ерекше қажеттілігі бар балаларды дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізіп келеді. Қазір мұнда қырыққа жуық бала тәрбиеленуде. Он екі маман әр балаға жеке бағдарлама әзірлеп, олардың дамуына және мектепке бейімделуіне көмектеседі.

Мұндай қолдау балаларды оқу жылына дайындап қана қоймай, олардың өзіне деген сенімін арттырады. Ал ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсету - әлеуметтік жұмыстың маңызды бағыты.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты