Жаңалықтар

ЖАҢА ЖЫЛ КЕШІ

ЖАҢА ЖЫЛ КЕШІ

Жаңа жыл кешін жезқазғандықтар Ғарышкерлер бақжолында қарсы алды. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Әсем безендірілген алаң, жарқыраған бас шырша мен шаттыққа толы атмосфера мерекенің ажарын айшықтай түсті.

Армысыз, қадірлі көрермен! Жаңа жыл келіп, Жылқы жылы басталды. Қазір біз Жезқазған қаласындағы Ғарышкерлер бақжолындамыз. Мұнда жаңа жылдық мерекелік концерт өтіп жатыр. Алаңға жиналған халықтың қарасы қалың, жұртшылық жаңа жылды көтеріңкі көңіл күймен бірге қарсы алуда. Жылқы жылы баршаңызға мол мүмкіндік пен толағай табыс әкелсін!

2026 жылды облыс орталығының тұрғындары шат шадыман күйде қарсы алды. Қаланың бас шыршасы орналасқан алаңда Тайжан Қалмағамбетов атындағы филармония мен Серке Қожамқұлов атындағы музыкалық драма театрының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Кеш барысында жаңа жылға арналған сахналық қойылымдар ұсынылып, әннен шашу шашты.

Мерекелік кешке жиналған жұртшылық бір-біріне ақжарма тілектерін арнап, жаңа жылдан тек жақсылық күтетіндерін жеткізді.

Жаңа жылдық мерекелік шара түн ортасына дейін жалғасып, жезқазғандықтарға керемет көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. Осылайша, қала тұрғындары жылқы жылын ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты