Жаңалықтар

ЖАҢААРҚАДА ЖАҢА ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ

ЖАҢААРҚАДА ЖАҢА ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ

Өңірде ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүйелі жалғасып келеді. Бұл жолы Жаңаарқа ауданының Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылында жаңа модульдік ветеринариялық пункт ел игілігіне берілді.

Жалпы аумағы 68 шаршы метрді құрайтын ғимарат ветеринариялық қызмет көрсетуге қажетті барлық талапқа сай жабдықталған. Мұнда жұмыс кабинеттері толық жиһазбен қамтамасыз етіліп, ауа салқындатқыш пен өрт қауіпсіздігі жүйесі орнатылған. Жаңа пунктте малды есепке алу, аурудың алдын алу және профилактикалық шараларды сапалы жүргізуге барлық жағдай жасалған.

Жаңа нысан - өңірде ветеринариялық саланы жаңғыртуға бағытталған ауқымды жобаның кезекті кезеңі. Нәтижесінде Ұлытау облысы ветеринариялық инфрақұрылымды жаңғырту жоспарын мерзімінен бұрын толық орындаған алғашқы өңір атанды.

Айта кетейік, биыл Ұлытау облысында жалпы құны 570 миллион теңгені құрайтын 22 ветеринариялық нысан салынды. Ал 2027 жылы өңірде 836,5 миллион теңгеге тағы 31 ветеринариялық пункттің құрылысын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты