Жаңалықтар

ЖАҢААРҚАНЫҢ АУРУХАНАСЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

ЖАҢААРҚАНЫҢ АУРУХАНАСЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

Жаңаарқа кентіндегі аурухана ауданаралық мәртебеге ие болады. Аталған медициналық мекеме Жаңаарқа ауданының тұрғындарымен қатар, Жәйрем кенті мен Қаражал қаласының халқына да қызмет көрсетпек. Осыған байланысты аурухананың емдеу ғимараты кеңейтіліп, қосымша медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандырылуда...

Ауданаралық аурухана мәртебесіне көшуге дайындық шеңберінде жаңадан шұғыл қабылдау және медициналық сұрыптау ғимаратының құрылысы басталды. Бұдан бөлек жыл соңына дейін заманауи медициналық құралдармен жабдықталған оңалту орталығы ашылады. Қазірдің өзінде емдеу мекемесі созылмалы бүйрек ауруларын емдейтін аппараттармен толыққан...

«Кеңейтілген кордиологиялық көмек, травматологиялық көмек, арнайы медициналық көмектерді облыс орталығына немесе үлкен қалаларға бармай-ақ осы ауданаралық ауруханада жақсы заманауи диагностикалық және емдеу шараларын алуға халықтың мүмкіндігі болады»

— Ерлан Базарбеков, аурухананың бас дәрігері

Мекеменің материалдық-техникалық базасымен қатар кадрлық әлеуетін арттыру жұмыстары да жүргізілуде. Биылдың өзінде ауруханаға жоғары білікті 8 маман жұмысқа орналасқан. Соның бірі – Абылайхан Қанжігітов. Өзге өңірлерден келген жас мамандарға 8 миллион теңге көлемінде көтермеақы мен қызметтік баспана берілді.

«Біздің ауруханада мүмкіншіліктер жоғары қазіргі таңда. Себебі, бізде өте бағалы лапроскопиялық стойка бар. Бізге хирургтарға өте ыңғайлы және көп мүмкіндіктер береді. малоинвазивный операцияларды жүргізуге, пациенттердің дұрыс тез аяққа тұруына көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда бізде барлық жағдай жаслаған, тек жұмыс жасау керек»

— Абылайхан Қанжігітов, хирург дәрігер

Айта кетейік, аймақта ұзақ жылдар кенжелеп қалған денсаулық сақтау саласын дамытудың арнайы жоспары бар. Ауылдық медицинаны көтеру бағытында мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен соңғы 2 жылда 20 медициналық мекеме салынды.

«(Барлық медициналық обьектілерде жаңадан салынған жаңа аппараттар, яғни, бұрын ауыл тұрғындары аудан орталығына барып қандай да бір қызметтерді алуға мәжбүр болса, бүгінгі күні өздерінің тұрғылықты жері бойынша өзінің ем-шараларын, медициналық қызметтерін алуда.)»

— Ұлан Ермеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы

Облыста әлі де 50-ге жуық дәрігер жетіспейді. Жауапты басқарма маман тапшылығы алдағы 1-2 жылда толық шешілетінін айтады. Қазір 30-ға жуық дәрігер келісімшартпен резидентурада оқып жатыр.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты