Жаңалықтар

ЖАРНАМА – ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ КӨРІНІСІ

ЖАРНАМА – ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ КӨРІНІСІ

«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі!» Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Тілдерді дамыту орталығы» ұйымдастырған шағын, орта және ірі бизнес өкілдері арасындағы аймақтық байқау қорытындыланды.

Байқаудың негізгі мақсаты: өңірде жеке кәсібін жүргізіп отырған кәсіпкерлердің тілге деген құрметін арттырып, өз нысандарындағы жарнамалар мен өзге де ақпараттық жазу мәтіндерінің дұрыстығына назар аудару.

Биылғы конкурсқа қатысуға өтінім берген кәсіп иелерінің саны артқан. Байқау ережесіне сай тіл мамандары мен жанашырларынан құралған қазылар алқасы – байқауға түскен жұмыстарды саралап, жүлдегерлер мен жеңімпазды анықтады.

Байқау қортындысында жүлделі бірінші орын Ұлытау ауданындағы «Ақбота» азық түлік дүкеніне берілсе, бас жүлде облыс орталығындағы «Хан тағам» жартылай дайын үй өнімдері дүкеніне табысталды.

Бұдан бөлек, бірқатар сауда желісі - ынталандыру сыйлықтарының иегері атанды. Облыстық байқауда топ жарған жеңімпаз – «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі!» сайысының республикалық кезеңінде бақ сынайды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты