Жаңалықтар

ЖАС БАЛУАНДАР МЕКТЕП ЛИГАСЫНДА КҮШ СЫНАСТЫ

ЖАС БАЛУАНДАР МЕКТЕП ЛИГАСЫНДА КҮШ СЫНАСТЫ

Жезқазғанда грек-рим және еркін күрестен 2012-2013 жылдары туған жасөспірімдер арасында «Мектеп лигасының» облыстық іріктеу кезеңі өтті. Боз кілемдегі бәсекеге 150-ге жуық жас балуан қатысып, жеңіс жолында бақ сынады.

«Ұлытау» спорт кешенінде өткен бәсекеге Жезқазған мен Сәтбаев қалаларынан және «Намыс» спорт кешенінен келген спортшылар қатысты. Жас балуандар боз кілемдегі белдесулері тартысқа толы болды.

Жарыс белгіленген ережелерге сәйкес өтіп, балуандардың әр қимылы мен әдісі төрешілер назарында болды. Белдесу барысында спортшылардың шеберлігімен қатар, тактикалық дайындығы мен қарсыласының әрекетіне жылдам жауап бере білуі де маңызды рөл атқарды.

«2090 2ші звуктан: / Бұл жарысымыз ЮИВИ ережесі бойынша өтіп жатыр. Балуандар 4 минут белдеседі. 2 таймнан құралады. 2 минуттан, арасында 30 секунд үзіліс болады. Ұпайлар ЮИВИ ережесіне сай бағаланып тұрады»

— Нұржан Дүтпай, бас төреші

Облыстық додада қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанғандардың бірі - Әли Аширов. Грек-рим күресімен бес жылдан бері айналысатын спортшы 44 келі салмақ дәрежесінде үздік нәтиже көрсетті. Жеңісіне бапкерлерінің еңбегі мен жүйелі дайындықтың сеп болғанын айтқан балуан енді бұдан да биік белесті бағындыруды көздейді.

«2114 4ші звуктан: / Бапкерлеріме рахмет! Өте жақсы дайындап жатыр. Мен осы грек-рим күресімен 5 жыл айналысып , осы 44 салмақ дәрежесінде чемпион атандым.Алдағы мақсатым-әлем чемпионы болу»

— Әли Аширов, жарыс жеңімпазы

Облыстық іріктеуде үздік нәтиже көрсеткен балуандар енді Семей қаласында өтетін «Мектеп лигасының» келесі кезеңінде бақ сынайды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты