ЖАС КЕЛСЕ ІСКЕ

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, жоғары оқу орнын - GPA көрсеткіші бойынша жоғары нәтижемен тәмәмдаған түлектер ешқандай конкурссыз жергілікті әкімдіктерге жетекші маман лауазымына тағайындала алады.
Жанель Мейрамқали – Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі! Оқу орнын үздік аяқтаған, ол, дипломы қолына тисімен, туған жерге туын тігуде. Нәтижесінде: Ұлытау аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне конкурссыз бас маман қызметіне тағайындалды.
Жас облыста – кадр жетіспеушілігі маңызды мәселелердің бірі. Аудан әкімінің орынбасары - қатарымызды білікті жастармен толықтыру шарасы жүйелі жолға қойылған дейді.
Жас болса да, жауапты салаға жұмысқа орналасқан Жанель – өзге замандастарын да еңбек жолын шалғай елді мекендерден бастауға шақырады. «Жас келсе – іске» қағидатын берік ұстанған маманның болашағанына күтер үміт көп!
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


