Жаңалықтар

ЖАС ҚҰТҚАРУШЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ҚЫЗМЕТІ

ЖАС ҚҰТҚАРУШЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ҚЫЗМЕТІ

Тосыннан келер төтенше жағдай кезінде адам өмірін арашалау және құтқару - асқан батылдықты, кәсіби біліктілік пен ептілікті қажет етеді. Құтқарушылар үшін әрбір шақырту - үлкен жауапкершілік жүктейтін сын сәті. 19 қазан - Құтқарушылар күніне орай осы жауапты жолды таңдаған жас маман Жандос Ізтілеуовтің жұмысымен кеңірек таныстық…

Жандос Ізтілеуов - Жезқазған қалалық төтенше жағдайлар басқармасының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері. 23 жастағы маманның азаматтық қорғау саласындағы еңбек өтілі жеті жылдан асады. Осы уақыт ішінде ол кәсіби білімін шыңдап, теориялық даярлығын тәжірибемен ұштастырған.

Жандос бұл мамандыққа бала күнінен қызығушылық танытқан. Уақыт өте келе қызығушылығы кәсіби таңдауына ұласып, өмірлік жолын айқындады. Десе де, өрт сөндіруші болу - тек батылдықпен шектелмейді. Қауіпті сәтте сабыр сақтап, шұғыл шешім қабылдау, физикалық күш-қуатпен қатар психологиялық дайындықты да талап етеді.

«тан: / Осы 1жарым жыл ішінде көптеген өрттерге қатыстым. Адам құтқару және көптеген ірі өрттерге. Алдағы мақсатым-әрине осы салада өзімді жетілдіру.Өзімді әрі қарай дамыту және де барынша биік белестерге жету»

— Жандос Ізтілеуов, Жезқазған қалалық ТЖБ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері

Құтқарушының жұмысы сырт көзге байқала бермейтін үлкен дайындық пен тәртіпке негізделген. Ал төтенше жағдай кезінде сол даярлықтың нәтижесі шешуші рөл атқарады. Жандос Ізтілеуов те таңдаған кәсібінде шыңдалып, алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруға ниетті. АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, МЕДЕТХАН КЕНЖЕАЛИЕВ «ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты