Жаңалықтар

«ЖАС САРБАЗ» ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

«ЖАС САРБАЗ» ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

Облыс орталығындағы №10 шы жалпы білім беретін мектебінде оқушыларды «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныбына қабылдау салтанаты өтті. Аталған шара аясында оқу ордасындағы 5 ші-7 ші сыныптар арасындағы «Ұлан» әскери саптық байқауы ұйымдастырылды.

Өскелең ұрпақты – жауапкершілік пен тәртіпке және отансүйгіштік рухқа баулу мақсатында қолға алынған жобаға – Жезқазған қалалық білім бөлімі мен облыстық қорғаныс департаментінің өкілдері және мектеп ұжымы қатысты. Мұнда жас сарбаздар салтанатты түрде ант беріп, оларға – «Жас сарбаз» әскери патриоттық сыныбының мүшесі екендігін растайтын мүшелік куәліктер табыс етілді. Әскери патриоттық қозғалыс қатарына 25 оқушы ресми қабылданды.

Сонымен қатар, іс шара барысында оқушыларды әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеу мен әскерге шақыруға дейінгі даярлау жүйесін дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды. Жоба жетекшілері - мұндай бастамалар жоғары сынып оқушыларының Отанға адал қызмет етуге деген сана-сезімін арттыруға оң серпін береді дейді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты