Жаңалықтар

ЖАС ЗИЯТКЕРЛЕР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

ЖАС ЗИЯТКЕРЛЕР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Ұлытау облысының оқушылары халықаралық, республикалық білім додаларында жоғары нәтиже көрсетіп келеді.

Күні кеше Тараз төрінде өткен республикалық пәндер олимпиадасында топ жарған ұлытаулық оқушылар өңірімізге жүлделі орындармен оралды.

3–7 сәуір аралығында Тараз қаласында өткен республикалық олимпиадада гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша мықтылар анықталды. Қазақ тілі мен әдебиеті және Қазақстан тарихы пәндерінен бақ сынаған аймағымыздың оқушылары қуаныштарымен бөлісті.

Білім бәсекесіне ел бойынша 267 оқушы қатысты. Ұлытау облысынан барған 12 оқушының алтауы жүлделі орынға ие болды. Осылайша қоржынға 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль түсті.

Жеңімпаздарды жақындары мен Ұлытау облысы білім басқармасының “Ұлытау дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының мамандары ерекше ықыласпен қарсы алып, шашу шашып, құрмет көрсетті. Ал білім нәрімен сусындаған ұстаздары дайындық барысында болған қиындықтарды талқылап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Айта кетейік, республикалық олимпиаданың келесі кезеңі 9–13 сәуір аралығында Шымкент қаласында жалғасады. Бұл жолы оқушылар ағылшын тілі, құқық негіздері, орыс тілі және әдебиеті пәндері бойынша бақ сынайды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты