Жаңалықтар

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КЕҢІНЕН ЕНГІЗІЛЕДІ

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ   БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КЕҢІНЕН ЕНГІЗІЛЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев – «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі» Жарлыққа қол қойды. Құжат мектептерде білім сапасын арттыру мақсатында 2026–2029 шы жылдарға арналған кешенді жоспарды әзірлеуді және пилоттық жобаларды бастауды көздейді. Аталған бастамаларды сапалы орындау мақсатында Ұлытау облыстық Білім басқармасы тарапынан бірқатар іс шаралар қолға алынуда. Айта кетейік, бүгінде аймақта 87 мектеп бар. Оның барлығы дерлік жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамтылған. Сонымен қатар, Жасанды Интеллект бойынша білім жетілдіру бағытында «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы арқылы 3000 нан аса педагог маманға арнайы курстар ұйымдастырылған...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты