Жаңалықтар

ЖАСТАРДЫҢ ЖАН ЖАҚТЫ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

ЖАСТАРДЫҢ ЖАН ЖАҚТЫ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

Жезқазғанда жастардың жаңа бастамаларына серпін беретін семинар-тренинг өтті. «Өзіңді дамыт – ортаңды өзгерт» атты кездесуге еріктілер, белсенді жастар және қоғам өміріне бейжай қарамайтын қала тұрғындары жиналды. Негізгі мақсат – жастардың өз қабілетін танып, оны қоғамдық ортада тиімді қолдануына мүмкіндік беру.

Семинарда көшбасшылық қасиет, азаматтық жауапкершілік және қоғамдық белсенділік мәселелері қозғалды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, әлеуметтік жобаларды іске асырудың тиімді жолдарын талқылады. Сондай-ақ жастардың бастамаларын қолдаудың маңызы сөз болды.

Жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған кездесуге түрлі сала мамандары шақырылған. Олар өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға көшбасшылық, қоғамдық белсенділік және жеке даму бағытында пайдалы кеңестер берді.

«Мені семинарға спикер-мотиватор ретінде шақырды. Өз тәжірибем, жүріп өткен жолым туралы айтып беремін. Командамызбен бірге атқарған жұмыстарымызды, ұйымдастырған жобаларымызды және қаланың қоғамдық өміріне қалай араласқанымызды бөлісемін. Сондай-ақ жастар үшін спорттың маңызына тоқталамын. Спорт жастардың белсенді болуына, жаңа жобаларға атсалысып, өңірдің дамуына үлес қосуына мүмкіндік береді»

— Гүлнара Загирова, қоғам белсендісі

КАДРДАН ТЫС: Семинар тек пікір алмасумен шектелген жоқ. Қатысушылар практикалық жаттығулар арқылы көшбасшылық қабілетін шыңдап, бастамашылдығын арттыруға және жемісті қарым-қатынас орнатуға бағытталған тапсырмаларды орындады.

«1397 / Бұл жерде көшбасшысылық, еріктілер және жастардың ортадағы белсенділігі туралы айтылып жатыр.Біз бұл жерден өзімізге керек деген пайдалы ақпараттарды алдық. Бұл жерде біз өзімізді дамытып, үлкен жетістіктерге жетуімізге үлкен жол ашамыз деп сенемін»

— Айсұлу Сембина, семинар қатысушысы

Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер жастарға тың идеяларын жүзеге асырып, қоғам өміріне белсенді араласуға мүмкіндік береді дейді. Өйткені жеке дамуға ұмтылған адам өзімен бірге айналасындағы ортаның да өзгеруіне ықпал ете алады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты