Жаңалықтар

ЖАСТАРҒА ЕСІРТКІ ЗИЯНЫ ТҮСІНІДІРІЛДІ

ЖАСТАРҒА ЕСІРТКІ ЗИЯНЫ ТҮСІНІДІРІЛДІ

ЗаңМенТәртіп Жастарды зиянды әдеттер мен қауіпті заттардан арашалау - қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта кеншілер шаһарында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында нашақорлыққа қарсы кең көлемді іс-шара өтті. Оған құқық қорғау органдарының өкілдері, нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес мүшелері, еріктілер, психологтар, сондай-ақ жастар қатысты. Форумды Ұлытау облысының полиция департаменті ұйымдастырды.

«Таза сана-жарқын қоғам» атты ұранымен өткен жиынға 500 ге жуық оқушы мен студент жиналды. Олар нашақорлықтың зияны мен бұл жолға түспеудің маңызы туралы ақпарат тыңдауға келген.

Жастарға есірткі заттарын тарату, сақтау және насихаттау әрекеттерінің аса ауыр қылмыстар санатына жататыны түсіндірілді. Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың қауіптері, дропперлік әрекеттердің түрлі атаулармен жасырылып, халықты алдау тәсілдерінің көбейіп келе жатқаны және оның салдары туралы ақпарат берілді. Айта кеткен жөн, өңірде нашақорлықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.Түрлі акциялар мен кездесулер де ұйымдастырылып тұрады.

«Форумнан тыс уақытта да біз жастар арасында нашақорлықтың себептері мен салдары туралы ақпарат беріп құқықтық жауапкершілік жайлы түсіндіреміз. Бұл жұмыстарды қала мектептері мен колледждерде, жастар жиі жиналатын орындарда жүргіземіз.Профилактикалық іс-шаралар нәтижес береді. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра береміз»

— Арман Садықов, Сәтбаев қаласы ПБ жедел жұмыс жөніндегі бастығының орынбасары

Жалпы, 2025 жылы екрітілердің көмегімен 255 тыйым салынған графити өшірілген. Есірткіге қатысты 110 қылмыс тіркеліп, 138 келіден астам зат тәркіленген.Сондай-ақ департамент қызметкерлері 103 есірткі сайтын анықтап, бұғаттаған. Ал , осы жылдың басынан яғни небәрі 1 айдың ішінде облыс аумағында есірткіге қатысты 8 қылмыс анықталып, шамамен 1 келі болатын синтетикалық зат тәркіленген. Сонымен қатар, 130 интернет-ресурс пен 15 жарнамалық жазбаға тосқауыл қойылған.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты