Жаңалықтар

ЖАСТАРҒА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРІЛДІ

ЖАСТАРҒА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРІЛДІ

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Жезқазған индустриялық-гуманитарлық колледжінде студенттерге арналған дәріс-кездесу өткізілді.

Кездесудің басты мақсаты - студенттерді еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар жөнінде ақпарат беру. Іс-шара барысында еңбек адамдары өздерінің кәсіби жолы, мамандықтың ерекшеліктері мен жұмыс барысындағы қызықты сәттері туралы айтып берді.

Білімді тәжірибемен ұштастыру - білікті маман қалыптастырудың маңызды бөлігі. Кездесу барысында мамандар студенттерге өндірістегі тәжірибенің маңызын айтып, болашақ мамандықтарына сеніммен қадам басуға жігер берді.

Ұйымдастырушылар мұндай «Қонақ дәріс» форматындағы кездесулерді өңірдегі өзге колледждерде де өткізуді жоспарлап отыр. Олардың айтуынша бұл бастама студенттердің білімін толықтырып қана қоймай, кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік беріп, болашақта олардың жұмысқа орналасуына оң әсерін тигізбек.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты