Жаңалықтар

ЖАСҰЛАН ҚАЛМАҒАНБЕТОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ШАҒЫН ФУТБОЛ ТУРНИРІ

ЖАСҰЛАН ҚАЛМАҒАНБЕТОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ШАҒЫН ФУТБОЛ ТУРНИРІ

Облыс орталығында - талантты футболшы, білікті бапкер Жасұлан Әбдікәрімұлы Қалмағанбетовті еске алуға арналған 2014-2016 жылы туған кіші жасөспірімдер арасындағы шағын футбол турнирі өтті.

Он күнге созылған шағын футбол додасы облыстық деңгейде ұйымдастырылды. Жезқазған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолға алуымен өткен турнирде – Жезқазған, Сәтбаев қалаларымен қатар Жаңаарқа және Ұлытау аудандарынан келген 11 команда бақ сынады. Жарыстың қорытынды шарасына Жасұлан Қалмағанбетовтың Анасы арнайы қатысып, дода ұйымдастырушыларына ақ жүректен алғысын білдірді.

Турнир қорытындысында жүлделі үшінші орынды «Жаңаарқа-1» командасы иеленсе, екінші орынды «Ұлытау-2014» құрамасы жеңіп алды. Ал, чемпион «Намыс» спорт клубының командасы. Сондай-ақ шебер ойын өрнегін көрсеткен ойыншылар жекелей марапатталды.

-( Жасұлан Әбдікәрімұлы Жезқазған қаласында футбол спортының дамуына еселе еңбек етті. Бапкер болып жүрген кезінде бірқатар шәкірттерді тәрбиеледі. Турнир әрі қарай да жалғасны табатын болады. Ол кісінің есімін жаңғырту біздің міндетіміз!) Жезқазған қалалық әкімдігі мен дене шынықтыру және спорт бөлімі аталған турнирді дәстүрге айналдырмақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты