Жаңалықтар

ЖАСЫЛ АЛАҢДАҒЫ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

ЖАСЫЛ АЛАҢДАҒЫ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

Жасыл алаңдағы шеберлік сабағы! Жезқазғандағы «Металлург» стадионында өңірдің жас футболшыларына «ІNTER» футбол академиясының білікті маманы Гела Какулия арнайы дәріс өткізді...

Ұлытау облысының құрылуымен аймақта спорт саласы, оның ішінде футбол ойыны дамудың даңғыл жолына қадам басқан. Шет елдік маман өткізген шеберлік сағатында – бүгінгі футболдың қыр-сыры мен әлемдік деңгейдегі футболшыны даярлаудың заманауи әдістері кеңінен таныстырылды.

«( Менің жаттықтырушы ретіндегі тәжірибем 26 жылды құрайды. Қазір «Интер» футбол академиясының Грузия мемлекетіндегі базасында жұмыс істеймін. Қазақстанда бұрынырық та бірнеше мәрте болғанмын. Қазір футбол Орталық Азияда жоғары қарқынмен дамуда. Аталған ретте, ұлытаулық балғындардың да қарім қабілетіне оң бағамды беремін.)»

— Гела Какулия, «INTER» футбол академиясының жаттықтырушысы

Мұндағы шеберлік сағатына өңірдегі «Ұлытау» және «Спортинг» футбол мектептерінің тәрбиеленушілері белсене қатысты.

Дәріс соңында Гела Какулияға сала мамандары Алғыс хатын табыстап, дәстүрге сай қазақтың ұлттық шапанын сыйға тартты. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан жасөспірімдер спортын дамыту бағытындағы іс шаралар әрі қарай да жалғаса бермек.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты