ЖАСЫЛ ДӘЛІЗ – СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАҢА ТЫНЫСЫ 2

Биыл Сәтбаев қаласында көктемгі абаттандыру мен инфрақұрылымды жаңғырту бағытында бірқатар маңызды жобалар қолға алынған. Аталған ретте шаһар басшысы Мұрат Бөрібаевтың қатысуымен жергілікті Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнайы баспасөз туры ұйымдастырылып, атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен таныстырылды.
Баспасөз турының алғашқы нысаны - қалаға кіреберістен бастау алатын «Жасыл дәліз» жобасы. Экологиялық бастама аясында аталған аумақта үш қатарға 1400-ден астам ағаш отырғызылған. Қазіргі таңда көшеттер бүршік жарып үлгерген... Автосуару жүйесі кезең-кезеңімен іске қосылуда. Көшеттердің күтімі мен жағдайы күнделікте бақылауда деді қала әкімі.
Қаланы көгалдандыру жұмыстары Ұлытау көшесінде де жалғасуда. Ескі темір қоршаулар сүріліп, оның орнына 6600 түп бөртегүл көшеттері отырғызылуда. Бөртегүл қала келбетін көркейтіп қана қоймай, экологиялық ахуалға да оң серпінін бермек. Шаң-тозаңды азайтуға және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Қалада инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары да қарқын алған. №1 және №2 магистральдық жылу желілері толық реконструкциядан өтуде. Жалпы ұзындығы 8 шақырым және 2,6 шақырым болатын желілер жаңартылып жатыр.
«8767 2ші звуктан: / Үкіметтің қолдауымен,облыс әкімдігінің қолдауымен 25 ші жылы бұл екі құбырға қомақты қаражат бөлінді.Жалпы 2 жылу магистральдарын ауыстыру үшін 9млрд қаражат бөлінді. Бүгінгі күні екі мердігер былтырғы жұмыстарын график бойынша аяқтап,биылғы жұмыстарын жалғастырып жатыр.Екінші жылу магистральіне қазір келіп тұрмыз. «Астанаинжкомстрой» компаниясы былтыр жұмысын бастап, биыл аяқтап жатыр.Шамамен 1млрд-тық конкурстың 250 млн теңгесі игеруі қалды»
— Мұрат Бөрібаев, Сәтбаев қаласының әкімі
Көгалдандыру бағытындағы тағы бір маңызды жоба - Ерден көшесіндегі суару жүйесін қалпына келтіру жұмыстары.2021–2022 жылдары орнатылған жүйе бір маусымнан кейін істен шыққан. Қазіргі таңда бұл мәселе толық шешімін табуда. Екі жер асты ұңғымасы қазылып, 50 метр тереңдіктен су алынуда.
Жол инфрақұрылымын жаңғырту бағытында да жемісті жобалар жетерлік. Шаһардағы орталық көшелерде жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сәтбаев қаласында жүзеге асырылып жатқан кешенді жобалардың қатарында орталық алаңдағы стела құрылысы да бар. Жоба аясында орнатылған сәулеттік нысанға сағат элементі енгізіліп, ол қала тұрғындары үшін тек уақыт көрсеткіші ғана емес, орталық алаңның жаңа келбетінің айрықша бөлігіне айналмақ. Аталған жобалардың барлығы Сәтбаев қаласының сәулетін жаңғыртып қана қоймай, тұрғындар үшін қолайлы, қауіпсіз әрі заманауи өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


