Жаңалықтар

«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ ХХІІ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ ХХІІ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

Жезқазғанда «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының ХХІІ еңбек маусымы ресми түрде бастау алды. «Ратонда» алаңында өткен салтанатты шараға облыстың белсенді жастары, еріктілер мен еңбек жасақтарының сарбаздары қатысты.

Биылғы еңбек маусымында өңірдің 700 ге жуық жасы туған жерді көгалдандыру және абаттандыру жұмысына белсене қатыспақ. Аталған мақсаттағы жиында Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев жастарды жаңа еңбек маусымының басталуымен құттықтап, жемісті жобаларға жастардың қосып жүрген үлесі айрықша екенін атап өтті.

Салтанатты шарада Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының «Жасыл Ел» еңбек жасақтарына ресми жолдамалар табысталды. Сонымен қатар жастарға арналған ойындар ұйымдастырылып, белсенді қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

«0037 / Бүгінгі форум осы жастарға арналған жастарды дамыту үстінде, жастарды жастайынан жұмысқа тәрбиелеуге бұл жастарға үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Бізде Қаражал қаласында 100ге жуық осы жасыл елге балалар тіркелді. Біз өзіміздің кентіміздің қаламыздың көркеюіне өзіміздің үлесімізді қосып жатырқ.Осы балалар да қаламыздың дамуына өз үлестерін қосуда»

— Гүлназ Какенова, Қаражал қаласы «Жасыл ел» ұйымының жетекшісі

Іс-шараның жалғасы №3 жалпы білім беретін мектепте өткен «Тезтап» интеллектуалды ойынымен өрбіді. Командалық сайыста жастар экология, табиғатты қорғау және қоғамдық қауіпсіздік бағытындағы сұрақтарға жауап беріп, өзара бақ сынасты.

Айта кетейік, «Жасыл Ел» бағдарламасы елімізде 2005 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама жастарды еңбекке баулып қана қоймай, олардың туған жерге деген жанашырлығын арттыруға бағытталған. «Жасыл ел» сарбаздарды Таза Қазақстан аясындағы іс шараларда да белсенділік танытпақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты