Жаңалықтар

«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫСЫ

«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫСЫ

Жезқазғанда - «Жасыл Ел» еңбек жасағының жұмысы қарқынды жүргізілуде.

Биылғы еңбек маусымында тұтас облыс бойынша 700 ге жуық жас туған жерді көгалдандыру мен тазалық жұмыстарына белсене қатысуда. Оның 180 і - облыс орталығында еңбек етуде. “Жасыл ел” сарбаздарының жыл сайын саны ғана артып қоймай, айлық жалақы көлемі де жоғарылаған...

Табиғатты аялау, туған жерге жанашыр болу нағыз отансүйгіш азаматтың қасиеті. Бұл еңбек жасағы қатарындағы жасөспірімдердің пікірі...

«(Бұл менің ең алғашқы еңбек тәжірибем. “Жасыл елдің” еңбекқор жастардың сапына қосылғаныма қуаныштымын. Себебі, жазғы демалыс кезінде біздің бос уақытымыз көп. Осы кезеңде мен қалама жанашырлық танытып қана қоймай, отбасыма да қолғабыс етіп жатырмын. Тазалық әр адамның өзінен басталады дегім келеді, сондықтан айналамызды таза ұстайық, табиғатты аялайық!)»

— Сара Елубай, «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшесі

Айта кетейік, «Жасыл Ел» бағдарламасы елімізде 2005 жылдан бері тұрақты жүзеге асырылып келеді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты