ЖАЗУШЫМЕН ЖҮЗДЕСУ

Ұлытау ауданының орталығында – жерлес жазушы, Ұлытаудың тумасы Арман Әлменбеттің оқырмандармен жүздесуі өтті. Кітапсүйер қауым арасында кеңінен танылған «Тергеуші» романының атворымен болған кездесудің негізгі өзегі: аудандағы мәдениет пен руханият төңірегінде тарқатылды...
Арман Әлменбетке - «Тергеуші» кітабы арқылы өткен жылдың қорытындысында Президенттің жастарға арналған әдеби сыйлығы табысталған. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған шара аудан әкімі орынбасарының алғысөзімен ашылды.
«Тергеуші» романының сюжет желісі детективтік бағытта өрбитін көркем шығарма! Басты кейіпкер – Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат» қағидатын берік ұстанады. Кітапханадағы кездесуге жазушының ұстаздары мен еңбек ардагерлері арнайы қатысты.
Жүздесу барысында жазушы мен оқырман арасында байланыс орнап, еркін форматта пікір алмасты. Автор – тағылымды шараға ұйытқан болғандарға алғысын білдірді.
Жазушымен өткен жүздесу – «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында жүзеге асырылды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


