Жаңалықтар

ЖЕЛІДЕГІ АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ

ЖЕЛІДЕГІ АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ

Өңірде интернет-алаяқтық деректері өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға азайған. Бұл - құқық қорғау органдары жүргізген жүйелі алдын алу жұмыстары мен тұрғындардың сақтығының нәтижесі. Аптасына екі рет сауда орталықтарында, қоғамдық орындарда және білім беру ұйымдарында ақпараттық кездесулер өтеді. Онда тұрғындарға алаяқтардың кең тараған айла-тәсілдері, интернетті қауіпсіз пайдалану және жеке деректерді қорғау жолдары таныстырылады. Интернет-алаяқтардың құрбанына көбіне зейнеткерлер айналатындықтан, бұл бағыттағы жұмыстарға ерекше көңіл бөлінген.

Мамандар жеңіл табыс, тиімді инвестиция немесе қысқа уақытта мол пайда табуға қатысты ұсыныстардың басым бөлігі алаяқтардың айласы екенін ескертеді. Сондықтан күмәнді хабарламаларға сенбей, жеке мәліметтерді бөгде адамдарға жария етпеу қажет. Егер өзіңіз немесе жақыныңыз алаяқтардың құрбаны болса, уақыт оздырмай 102 нөміріне хабарласқан жөн. Бұл келтірілген шығынды қайтару мүмкіндігін арттырады. Айта кетейік, алаяқтық үшін Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қылмыстың ауырлығына қарай айыппұл салынып, бас бостандығы шектелуі немесе бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты