ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – БАСТЫ НАЗАРДА

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда күн тәртібіне екі мәселе шығарылды...
Жиында көтерілген алғашқы мәселе: «ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалар орталығы» республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Ұлытау облысы бойынша филиалы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдаудың нәтижесі жөнінде болды. Талдау арқылы анықталған басты кемшілік: кадр жетіспеушілігі, қызметкерлердің бірнеше лауазымды қатар атқаруы мен жекелеген функциялардың бір тұлғаға шоғырлануы...
Ал, екінші сұрақ: облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен оған қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарыны алдын алу шаралы. Аталған басқарма жемқорлық тәуекелдеріне сай ішкі талдау жүргізген.
Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен күрес – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның басты назарында болмақ.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


