Жаңалықтар

ЖЕРГІЛІКТІ КОМПОЗИТОР ОМАРХАН НЕСІПХАНОВТЫҢ ЕСІМІ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

ЖЕРГІЛІКТІ КОМПОЗИТОР ОМАРХАН НЕСІПХАНОВТЫҢ ЕСІМІ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

Сәтбаев қаласындағы Өнер мектебі ғимаратында - КСРО Композиторлар одағының мүшесі, жергілікті сазгер Омархан Несіпхановтың шығармашылығына арналған «Сазгердің сырлы әлемі» атты естелік бұрышы ашылды. Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға сала мамандары, композитордың туған-туыстары мен замандастары қатысты...

Омархан Несіпханов 1953 жылы дүниеге келген. Құрманғазы атындағы консерватория түлегінің – Ұлытаудың ән өнеріне сіңірген еңбегі зор. Алғашқы туындыларын 15 жасында жазған оның есімі кейінірек тұтас республикаға белгілі бола бастады.

Замандастарының айтуынша, Омархан Несіпханов бала күнінен-ақ алғырлығымен және өнерге бейімділігімен ерекшеленген. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ сахнаға шығып, баянмен өнер көрсеткен.

Естелік бұрыштың ашылуы - сазгер мұрасын жаңғыртып, кейінгі буынға танытуға бағытталған маңызды бастама.Ұйымдастырушылар мұндай шаралар жас ұрпаққа талантты жерлесінің өмірі мен шығармашылығын жақыннан танып-білуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты