Жаңалықтар

ЖЕЗҚАЗҒАН – АРҚАЛЫҚ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

ЖЕЗҚАЗҒАН – АРҚАЛЫҚ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

Республикалық маңызы бар күре жолдың кезекті бөлігі жаңарды. Дәлірек айтсақ «Жезқазған–Арқалық» бағытындағы автомобиль жолының 208–223 ші шақырым аралығында жөндеу жұмыстары толықтай аяқталып, пайдалануға берілді.

Жоба аясында жолдың негізгі құрылымдық элементтері жаңартылып, қажетті инженерлік жұмыстар жүргізілген. Сондай-ақ, үш су өткізу құбыры ауыстырылған. Бұл жұмыстар жолдың беріктігін арттырып, жауын-шашын мен еріген қар суының қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Иә, жол азабын жүрген біледі. Кейінгі отыз жылда күрек тимеген күре жолдың жаңаруынан ондағы жұртшылықтың күтер жақсылығы көп...

Айта кетейік, Жезқазған –Арқалық арасындағы жол қос облысты ғана емес, болашақта Оңтүстік пен Солтүстікті байланыстыратын маңызы зор логистикалық инфрақұрылымға айналмақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты