ЖЕЗҚАЗҒАН МЫС БАЛҚЫТУ ЗАУЫТЫНЫҢ 55 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН СПАРТАКИАДА

Биыл - Жезқазған Мыс балқыту зауытының алғашқы мыс балқымасының алынғанына 55 жыл. Мерейлі белеске орай «Жігер» дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде зауыт еңбекерлері арасындағы дәстүрлі спартакиданың қорытынды салтанатты өтті...
5 күнге созылған Спартакиада спорттың төрт түрі бойынша ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ: командалық шағын футбол, суда жүзу, үстел теннисі және шахмат ойыны. Жарыстың салтанатты рәсімі өндіріс ошағы басшылығының құттықтауымен басталды...
Спартакида жүлдегерлері қаржылай сыйақылармен марапатталды. Негізгі мақсат: өндіріс ошағында еңбек етіп жүрген жандар арасында бұқаралық спортты насихаттап, еңбеккерлер арасындағы достық қатынасты нығайту!
-(Мен спартикадаға шахмат бойынша қатыстым. Маған ерекше ұнады. Тартысқа толы ойындар айрықша эмоция сыйлады. Зауыттың 55 жылдығында осындай жоғары деңгейлі спорттық іс шараларды қолға алған ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын!) Спартакиданың қорытынды шарасы жергілікті өнерпаздардың қатысуымен өткен мерекелік ән шашумен мәреге жетті.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


