Жаңалықтар

ЖЕЗҚАЗҒАН МЫС ЗАУЫТЫНА – 55 ЖЫЛ!

ЖЕЗҚАЗҒАН МЫС ЗАУЫТЫНА – 55 ЖЫЛ!

Мыс бұлағын ағызған! Биыл Жезқазған мыс зауытының алғашқы мыс балқымасын алғанына тура 55 жыл. Атаулы күнге орай облыс орталығында – академик Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, Серке Қожамқұлов атындағы музыкалық-драма театрында салтанатты шара өтті...

Қойнауы қазынаға толы өлкедегі өндіріс саласының бастауында Қаныш Сәтбаев тұрады. Мыс зауытының 55 жылдық мерейлі белесіне жиналғандар - тау тұлғаның рухына тағзым етіп, өмірден өткен майталман металлургтерді 1 минут үнсіздікпен еске алды.

Жезқазған мыс балқыту зауыты – мыс өнеркәсібінің, түсті металлургияның алып шаңырағы. 1971 жылдың 23 інші ақпанында алғашқы катод мысын берген. Осы күннен бастап зауыттың жаңа тарихы басталады. Мәртебелі мамандық иелерін облыс әкімі Дастан Рыспеков пен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі арнайы құттықтап, түрлі деңгейдегі марапаттарды табыс етті.

-(Зауыттың 55 жылдығы – біз үшін үлкен мереке! Жезқазған Зауыты – өңірдің ғана емес, тұтас республика экономикасына орасан зор үлес қосып келеді. Кәсіпорын цехтарына алдағы уақытта қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Бұл ең алдымен біздің қарапайым еңбеккерлер алдындағы міндетіміз. Сонымен қатар, бірнеше инвестициялық жобалар қолға алынады! Мұның бәрі облыстың әлеуметтік экономикалық тынысына оң серпінін береді деген сенімдеміз!) Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде мыс балқыту зауытында металлургтердің бірнеше буыны ауысып, 20 ға жуық еңбек әулетінің есімі кәсіпорын тарихына жазылған. Еткен еңбек пен төккен тердің еленгеніне металлургтер қауымы дән риза...

Салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың қатысуымен өткен мерекелік концертпен мәреге жетті.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты