Жаңалықтар

ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНДЕ ЖАҢА ТӨРАҒА

ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНДЕ ЖАҢА ТӨРАҒА

Жезқазған қалалық Ардагерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда күн тәртібіне – кеңестің жаңа төрағасын сайлау жөнінде мәселе шығарылды...

Қалалық ардагерлер кеңесі – шаһардың қоғамдық-саяси өмірінде өзіндік орны бар белсенді де беделді ұйым. Аталған кеңеске бұған дейін төрағалық еткен Мұрат Қазамбаевтың – облыстық ардагерлер алқасына төраға болуына байланысты, қалалық ардагерлерге жаңа жетекші сайлау мәселесі туындады. Кеңес мүшелерінің бірауыздан қолдауымен – Жезқазған қалалық ардагерлер кеңесіне – еңбек ардагері Бимұрат Жұмашев төраға болып сайланды.

Жаңа төраға – қырық жылға жуық уақыт медицина саласында еселі еңбек еткен. Жезқазған қаласының құрметті азаматы, Құрмет орденінің иегері. Бимұрат Жұмашев – кеңесте қолға алынған келісті жобалардың әрі қарай да жалғасатындығын айтты.

Негізі опер: НҰРБОЛ

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты