Жаңалықтар

ЖЕЗҚАЗҒАН – ҚАРАҒАНДЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖОЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ЖЕЗҚАЗҒАН – ҚАРАҒАНДЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖОЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Жезқазған – Қарағанды бағытындағы автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмысы ресми бастауын алды. Аталған ауқымды жоба Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың өңірге жасаған жұмыс сапары аясында тұсауын кесті...

Нұрлыбек Нәлібаевтың жұмыс сапары – Жаңаарқа ауданындағы Ұлытау облысы мен Қарағанды облысының шекарасы түйіскен тұстан басталды. Мұнда қос облысты ғана емес, Оңтүстік пен Солтүстікті байланыстыратын республикалық маңызға ие жолдың құрылысы жүзеге асырылады. Жол азабын - жүрген біледі демекші, аталған жоба өңір тұрғындарына айрықша қуаныш сыйлауда...

Жаңа автожолдың ұзындығы – 572 шақырым. Оның 335 шақырымы Ұлытау облысының аумағы арқылы өтсе, қалған бөлігі Қарағанды облысына тиесілі.

Жобаның жалпы құны 524 млрд теңгені құрайды. Өңір тынысындағы тарихи шараға Ұлытау және Қарағанды облыстарының әкімдері арнайы қатысты.

Жоба жоспарына сай, жол құрылысы 2029 жылы толықтай аяқталады деп күтілуде...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты