ЖЕЗҚАЗҒАН ҚЫЗЫЛОРДА ЖОЛЫНДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Жезқазған - Қызылорда бағытындағы автожолдағы жөндеу жұмыстарының қарқыны жоғары. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында қолға алынған Жолдың жалпы ұзындығы 400 шақырымнан асады. Оның 208 шақырымы Ұлытау облысына тиесілі. Аталған ретте - «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дархан Иманашев бастаған жұмыс тобы Талап ауылы маңындағы учаскеге барып, құрылыс барысын бақылады.
Жол саласындағы маңызды жоба 2025 жылы басталған. Жол бойында төрт мердігерлік ұйым жұмыс істеуде. Құрылысқа 700 ден астам техника мен 1300 маман тартылған.
Жолдағы жаңғырту жұмыстары биылғы жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар, трасса бойына заманауи аялдамалар орнату да қарастырылған.
Айта кету керек, жуырда Жезқазған - Қарағанды автожолын да қайта жаңарту жұмыстары қолға алынбақ. Облыс орталығын өзге өңірлермен байланыстыратын жолдардың жөнделуі - аймақтың әлеуметтік экономикалық дамуына оң серпінін бермек!
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


