ЖЕЗҚАЗҒАН ТҰРҒЫНЫ ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАҒАНЫ ҮШІН 9 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

ЗаңМенТәртіп Жезқазған қаласының тұрғыны есірткі заттарын заңсыз тасымалдағаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ер адам есірткі заттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізуге байланысты құқыққа қайшы әрекеттер жасаған. Үкім заңды күшіне енді. Қала прокуратурасы есірткіні заңсыз тұтыну, дайындау, сақтау, сатып алу, тасымалдау, сату және жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
«Сот шешімімен тұлға ҚР ҚК-нің 286-бабы 2-бөлігі 4,5-тармақтарымен, ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, түпкілікті 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қоғамдық тұрақтылық пен адамдардың үйлесімді өмір сүруі заң мен тәртіпсіз мүмкін емес.Сондықтан «Заң мен тәртіп» қоғамның және әрбір азаматтың өмірлік ұстанымы болуы керек»
— Рыскүл Мұстафина, Жезқазған қаласы прокуратурасының аға прокуроры
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


