ЖЕЗҚАЗҒАНДА 100 ГЕ ЖУЫҚ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Жезқазған қалалық мансап орталығында кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға өңірдегі 20-ға жуық мекеме мен кәсіпорын өкілдері қатысып, 100-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынды.
Қала бойынша бүгінде 300-ге жуық бос жұмыс орны тіркелген. Жәрмеңкеге 100-ге тарта жұмыс іздеуші қатысып, жұмыс берушілермен тікелей сөйлесіп, ұсынылған қызметтер туралы толық ақпарат алды. Нәтижесінде 28 азаматқа жұмысқа орналасу үшін жолдама берілді.Мамандардың айтуынша, Жезқазған қаласында 900-ге жуық тұрғын жұмыссыз ретінде ресми тіркеуде тұр.
Қалада жұмыссыздық деңгейін төмендету және кадр тапшылығын азайту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Қазіргі уақытта еңбек нарығында әсіресе экономистер мен IT мамандарына сұраныс жоғары.Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты мекемелер де қатысып, тұрғындарға 20 бос жұмыс орнын ұсынды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қаладағы жұмыссыздықты азайту және білікті кадр тапшылығын толтыру мақсатында осындай жәрмеңкелер алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілмек.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


