Жаңалықтар

ЖЕЗҚАЗҒАНДА «KENGIR» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖЕЗҚАЗҒАНДА «KENGIR» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Жезқазғанда 160 пәтерлік «Kengir» тұрғын үй кешенінің құрылысы жалғасуда. Осыған орай әлеуетті сатып алушылар үшін таныстырылым ұйымдастырылып, жоба барысы мен баспана сатып алу шарттары таныстырылды.

Тұрғын үй кешені Кеңгір су қоймасының жағалауындағы Деев көшесінде бой көтеріп жатыр. Жобаның алғашқы кезеңінде алты-сегіз қабатты бес тұрғын үй блогы салынады. Пәтерлер толық әрленген күйде пайдалануға берілмек. Сондай-ақ қойма бөлмелері мен жоғарғы қабаттағы пәтерлерге арналған террасалар қарастырылған. Кездесу барысында тұрғындарға төлем тәсілдері мен тұрғын үйді рәсімдеу тәртібі түсіндірілді.

Кездесуге келген тұрғындар жобаға қатысты өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, құрылыс жұмыстарының барысы туралы ақпарат алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, құрылыс белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Іс-шара соңында қатысушылар арасында лотерея ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар ойнатылды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты