Жаңалықтар

ЖЕЗҚАЗҒАНДА МЫҢНАН АСТАМ АДАМ КӨЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕМЕЙ ЖҮР

ЖЕЗҚАЗҒАНДА МЫҢНАН АСТАМ АДАМ КӨЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕМЕЙ ЖҮР

Көлік салығын төлейтін мерзім бітті. Бірақ көпшілік асығар емес. Салық, жеке сот орындаушылары және полиция қызметкерлері бірлесіп арнайы рейд өткізіп жатыр. Шара барысында салық төлемеген жүргізушілерге ескерту айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жезқазған қаласы бойынша 1457 тұрғынның қарыз көлемі 72 млн теңгеден асып жығылады. Уақытылы төлемеген жағдайда күнделікті өсімпұл есептеледі. Ал,берешегі жабылмаса көліктерін тәркілейді. Салық берешегінің соммасын банктердің қосымшалары арқылы білуге болатынын еске саламыз.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты