ЖЕЗҚАЗҒАНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

Облыс орталығында Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті. Ғарышкерлер бақжолында ұйымдастырылған басты мерекелік шара - қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік шара 5 мыңнан астам адамды қамтыды. Думанды жиындар этносаралық татулықты нығайтуға және этномәдени бірлестіктер арасындағы байланысты күшейтуге бағытталған. Іс-шараға Ұлытау облысындағы этномәдени бірлестік өкілдері мен «Ассамблея жастары» белсене қатысты.Облыс әкімі Дастан Рыспеков құттықтау сөз сөйлеп, өңір дамуы үшін бірлік пен келісімнің маңыздылығын атап өтті.
Мерекелік алаң таңғы уақыттан бастап ерекше атмосфераға бөленді. Тақырыптық көрмелер мен мәдени алаңдар жұмыс істеп, этномәдени бірлестіктер өздерінің ұлттық киімдерін, салт-дәстүрлерін және тағамдарын көпшілікке ұсынды.
«1827 2-дыбыс ПЕРЕВОД: Қаладағы барлық мәдени іс-шараларға белсене қатысамыз, дәстүрлі Масленица мерекесін де өткіземіз. Барлық этномәдени орталықтармен тығыз байланыстамыз. Бізді біріктіретін басты құндылық - достық пен бірлік. Қазақстан әлемге дәл осы қасиеттерімен танылған. Бұл мереке - ең үлкен байлығымыз. Оны келер ұрпаққа жеткізу - біздің міндетіміз»
— Нина Барбутько, «Коляда» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы
Мерекенің ерекше бөлігі - би фестивалі болды. Оған 12 шығармашылық ұжым қатысып, әрқайсысы екі нөмірден ұсынды. Сахна нағыз мәдениеттер тоғысына айналып, түрлі ұлттың биі, костюмдері мен әуендері бір арнада тоғысты.
«1842 ПЕРЕВОД: Құрметті жезқазғандықтар! Қазақстан халқының бірлік күні құтты болсын. Елімізде әрдайым бейбітшілік, бірлік және өзара түсіністік орнасын. Бүгінгі мереке - нағыз өнер мен таланттың тоғысқан әсем көрінісі. Балалардың би билеп, ән айтуы ерекше қуаныш сыйлап, бірлікті одан әрі нығайта түсуде. Балалардың шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беріп отырған сіздердің «Телебалапан» атты бағдарламаларыңыз да өте маңызды. Мереке құтты болсын!»
— Марина Павлова, «Жастар» хорының жетекшісі
«1845 ПЕРЕВОД: Бұл шара тек қала тұрғындары үшін ғана емес, сонымен қатар би ұжымдары үшін де үлкен мереке болып табылады. Себебі бүгін сіздер үлкен би өнерінің думанын көріп отырсыздар. Бұл фестиваль бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді, ал біздің өнер мектебінің «Дала гүлдері» ансамблі бұл шараға бірнеше рет қатысып жүр. Бүгін біз көрермендерге орыс биі «Тапатушки» мен молдаван биі «Сырба» биін ұсындық. Сонымен қатар, барлық қала тұрғындарын мерекемен құттықтаймыз және қолдау көрсетіп отырған ата-аналарға үлкен алғысымызды білдіреміз»
— Елена Пятина, Жезқазған қаласының балалар мен жасөспірімдер өнер мектебінің бөлім меңгерушісі
Бірлік күні - қоғамдағы татулық пен келісімнің, өзара құрметтің басты құндылық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


