ЖЕЗҚАЗҒАНДА «ҰЛЫ БАЛА FEST» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Жезқазғанда Халықаралық балаларды қорғау күні «Ұлы Бала Fest - Балалық шаққа саяхат» атты ауқымды фестивальмен атап өтілді. Балғындарға шаттық сыйлаған мерекені «Қазақмыс» корпорациясы мен қала әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды. Жаздың ең жарқын балалар мерекесі қалай өтті?
Жарқын бояулар, балғын күлкі және көтеріңкі көңіл-күй. Бұл күні Ғарышкерлер бақ жолы алаңы нағыз мерекелік мекенге айналды. Жүздеген бала мен ата-ананың басын қосқан «Балалық шаққа саяхат» фестивалі ашық аспан астындағы думанды концертпен басталды. Сахнада қаланың өнерпаздары ұлттық және заманауи билерін ұсынып, әсерлі әндер мен музыкалық композициялар орындады. Көрермендер әрбір өнер көрсетілімін ыстық ықыласпен қарсы алып, жас таланттарға қолдау білдірді.
Мерекелік алаң концерттік бағдарламамен ғана шектелген жоқ. Мұнда әр баланың қызығушылығына сай интерактивті алаңдар ұйымдастырылды. Шығармашылық шеберлік сабақтары, спорттық жарыстар, түрлі ойындар мен фотозоналар балалардың уақытын қызықты өткізуіне мүмкіндік берді. Қатысушылар ойындарға белсенді қатысып, тапсырмаларды орындап, естелік сыйлықтарға ие болды. Ал ата-аналар мерекенің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
«9922 9 дыбыс / Бүгін міне әдемі күнде балаларды қорғау күнінде әдемі іс-шаралар өтіп жатыр қаламызда. Мен де міне екі баламды қызықтауға шықтым. Өте тамаша өтіп жатыр. Бар жақсылықты тілеймін.Балаларымыз үлкен биіктерден көріне берсін»
— Ақмарал Ақбергенова, қала тұрғыны
Осылайша, «Ұлы Бала Fest» фестивалі жаздың алғашқы күнін жарқын эмоциялар мен ұмытылмас естеліктерге толтырды. Айта кетейік, дәл осындай мерекелік шаралар осы күні «Қазақмыс» корпорациясы жұмыс істейтін өзге өңірлерде де ұйымдастырылды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


