Жаңалықтар

ЖЕЗҚАЗҒАНДА «ВАНДАЛИЗМГЕ ЖОЛ ЖОҚ!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ЖЕЗҚАЗҒАНДА «ВАНДАЛИЗМГЕ ЖОЛ ЖОҚ!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Қоғамдық орындарды бүлдіру - ортақ мүлікке ғана емес, қала келбетіне де нұқсан келтіреді. Жезқазғанда осының алдын алуға бағытталған «Вандализмге жол жоқ!» республикалық акциясы аясында ерікті жастар тазалық жұмыстарына шықты. Игі бастаманы «Әділет» партиясының жастар қанаты ұйымдастырды.

Акцияның мақсаты - тарихи-мәдени мұраға құрметпен қарауды қалыптастырып, қоғамдық орындардың тазалығы мен тұтастығын сақтауға шақыру. Осы мақсатта жастар «Ғарышты бағындырушылар» монументінің айналасын ретке келтіріп, ескерткішке жазылған түрлі жазуларды өшірді.

Мұндай бастамалар жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып қана қоймай, туған қалаға деген жанашырлықты да нығайтады. Өйткені қоғамдық кеңістіктің көркі мен тазалығы - оны пайдаланатын әр адамның ортақ міндеті.

Айта кетейік, «Вандализмге жол жоқ!» республикалық акциясы еліміздің барлық өңірінде өткізілуі жоспарланған. Оның аясында қоғамдық орындарды қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және ортақ мүлікке ұқыпты қарауға үндейтін іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты