Жаңалықтар

ЖЕЗҚАЗҒАНДА ЖАҢА ЕМХАНА САЛЫНУДА

ЖЕЗҚАЗҒАНДА ЖАҢА ЕМХАНА САЛЫНУДА

Жезқазған қаласының Батыс ауданында салынып жатқан жаңа Емхана құрылысының қарқыны жоғары. Жобаның жүзеге асырылу барысын бағамдау үшін аталған нысанға Beeline компаниясының «Zhyly Zhurek Foundation» корпоративтік қайырымдылық қорының өкілдері арнайы келді.

Жаңа емхана тәулігіне 250 адамды қабылдай алады. Жалпы аумағы шамамен 8,5 мың шаршы метрді құрайтын медициналық мекемеде консультациялық-диагностикалық кабинеттер, күндізгі стационар мен клиникалық-диагностикалық зертхана орналасады. Заманауи үлгідегі ғимарат құрылысы 1 жылға жоспарланған...

Айта кетейік, Жезқазған қаласының батыс ауданы кейінгі жылдары қарқынды дамып келеді. Болашақта мұнда 18 мыңға жуық тұрғын қоныстанады деп күтілуде. Жалпы шағын ауданда 80-нен астам көпқабатты тұрғын үй салыну көзделуде...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты