ЖЕЗҚАЗҒАНДА ЖАҢА ЕМХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Өңірдің денсаулық сақтау саласындағы оң жаңалық! Облыс орталығында тәулігіне 250 келушіні қабылдай алатын жаңа емхананың құрылысы басталды...
Заманауи үлгідегі медициналық нысан қала іргесіндегі Батыс ауданында бой көтермек. Үш қабатты ғимараттың жалпы аумағы шамамен 8 500 шаршы метрді құрайды. Жобаға «Верный Капитал» компаниялар тобының құрамындағы Beeline цифрлық операторы қолдау білдіруде.
Салтанатты рәсімде аймақ басшысы Дастан Рыспеков саладағы ілкімді істерге тоқталып, білікті медицина кадрлары мен жас мамандарды – облысқа келіп еңбек етуге шақырды.
Емхананың алғашқы іргетасы қаланған шараға денсаулық сақтау саласының ардагерлері де арнайы қатысты.
Айта кетейік, Жезқазған қаласының батыс ауданы кейінгі жылдары қарқынды дамып келеді. Болашақта мұнда 18 мыңға жуық тұрғын қоныстанады деп күтілуде. Жалпы шағын ауданда 80-нен астам көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


