ЖЕЗҚАЗҒАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Ұлытау облысының медицина саласы жаңа нысанмен толықты. Облыс орталығында заманауи хирургиялық орталық ресми түрде ашылып,халық игілігіне берілді. Емдеу мекемесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қызмет көрсетеді.
«Ulytau clinic Dr. Rustam» клиникасы тұрғындарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Мұнда гастроэнтеролог, онколог-маммолог, эндокринолог, пульмонолог, нефролог, гинеколог және басқа да мамандар қабылдау жүргізеді. Сонымен қатар аз инвазивті хирургиялық ем-шаралар, оның ішінде аяқ-қол көктамырларының варикозын емдеу және жоспарлы операциялар орындалады. Медициналық жоба «Өрлеу» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдаумен жүзеге асқан.
Аймақта бизнесті қолдаудың мемлекеттік тетіктері жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл бағытта «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық филиалы белсенді жұмыс жүргізуде. Өткен жылы қор арқылы 170-тен астам шағын және орта бизнес жобасы 11 млрд теңгеге қолдау тапса, биылдың өзінде төрт бастама қаржыландырылды.
Жаңа хирургиялық орталықтың ашылуы өңір тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашуылуна да мүмкіндік берді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


