ЖЕЗҚАЗҒАНДА ЖАС БОКСШЫЛАР ЧЕМПИОНАТЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

Жезқазғанда өткен 2011–2012 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстанның солтүстік-шығыс аймағының чемпионаты мәреге жетті.
Бес күнге созылған чемпионатта еліміздің 10 өңірінен келген 286 жас боксшы 14 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. Шаршы алаңда спортшылар өзара мықтыны анықтап, шеберліктері мен жеңіске деген жігерлерін танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және медальдармен марапатталды. Ал жалпыкомандалық есепте үздік нәтиже көрсеткен командаларға кубоктар табысталды.
«2734 6шы звуктан: / Мен 4 жылдан бері дайындалып жүрм, еңбек етіп жүрм. Осы барлығы еңбектің арқасында және дұға еттім. Осы жеңісімді Ұлытау облысына арнаймын. Енді алдағы жарысымда ҚР чемпионаты бар.Ол жарыста Ұлытау облысының атынан шығам. Және өзімнің командама сәттілік тілеймін. Сол жарыста жеңіспен қайтуымызға тілектеспін»
— Дінмұхамед Мұқанбетанапия, жарыс жеңімпазы (Ұлытау облысы)
«Бес жекпе-жек өткізіп, барлығында төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеттім. Турнир өте қиын болды. Алғашқы жекпе-жекте өз командамдағы спортшымен жұдырықтасып, қолымды жарақаттап алдым. Соған қарамастан, қалған төрт кездесуді де жарақатпен өткізіп, жеңіске жеттім. Бокспен айналысқаныма тоғыз жыл болды. Ағаларымның боксқа қатысқанын көріп, менің де осы спортқа қызығушылығым оянды. Бала кезімнен әкеме лапа ұрып жаттығатынмын. Өкінішке қарай, қазір әкем өмірде жоқ. Бұл жеңісімді әкеме арнаймын!»
— Рунар Қожахмет, жарыс жеңімпазы (Павлодар облысы)
Аймақтық чемпионатта үздік шыққан боксшылар қараша айында Ақтау қаласында өтетін Қазақстан біріншілігінде бақ сынайды. Аталған чемпионатқа Ұлытау облысынан 10 ға жуық былғары қолғап шебері жолдама алды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


