Жаңалықтар

ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК

ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК

Жезқазғанда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында кезекті сенбілік өтті. Қала тазалығына үлес қосу мақсатында тұрғындар мен түрлі мекеме өкілдері - ортақ істе күш біріктірді.

Бұл жолғы тазалық шарасына 100 ге жуық ұйым өкілдерімен қатар қаланың белсенді тұрғындары атсалысты. Жалпы саны 9 мың 600-ге жуық адам туған қаласының тазалығы үшін тер төгіп, абаттандыру жұмыстарына өз үлесін қосты.

Қала көшелері мен аумақтарын ретке келтіруге 10 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік қорытындысында 830 тонна қоқыс сыртқа шығарылып, бірқатар аумақтың тазалығы қайта қалпына келтірілді.

Бұдан бөлек, экологиялық акция кезінде қоқыс төгуге рұқсат етілмеген 5 орын толықтай тазартылды. Мұндай бастамалар қаланың ажарын ашып қана қоймай, тазалықты ортақ құндылық ретінде қалыптастырып, әр азаматтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға жол ашады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты