ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕ

Өткен сенбіде облыс орталығындағы «Нарық» базарында өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Оған Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Жаңаарқа және Ұлытау аудандарынан 60-қа жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қатысты.
Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – тұрғындарды сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қолжетімді бағада қамтамасыз ету. Сонымен қатар жергілікті тауар өндірушілерді қолдап, ішкі нарықты дамыту. Жергілікті шаруалар ет және сүт өнімдерін, көкөніс пен жеміс-жидекті және өзге де ауыл шаруашылығы тауарларын нарықтағы құнынан 10-15 пайызға төмен бағада саудалады.
«) ВИДЕО: С0021 ХРОН: (ӨЗІМ БАРЫП ҚИЯМЫН, АЙТА САЛЫҢЫЗШЫ ҚИЯР КЕЗДЕ»
— Алмат Саухимов, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы
Жәрмеңкеде 8 тоннаға жуық ет, 2,5 тонна сүт өнімі, 12 тонна көкөніс пен жеміс-жидек сатылды. Шаруалар үшін бұл – өнімін делдалсыз өткізіп, тұтынушыға тікелей ұсынуға мүмкіндік. Ал тұрғындар сапалы жергілікті өнімді қолжетімді бағамен сатып алды.
Өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі - аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, отандық өндірісті қолдауда маңызды рөл атқарады. Айта кетейік, аталған жәрмеңкені апта сайын өткізу жоспарлануда.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


